МЕМЛЕКЕТКЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ЗОР АБЫРОЙ

Среда, 04 Сентябрь 2024 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 153 раз

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар – ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халықтың билікке деген сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондай сенімді нығайтуға аянбай тер төгіп жүрген қызметкердің бірі – Асхат Қайратұлы Бердімұрат.

 

Асхат Қайратұлы 1993 жылы 11 ақпанда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қоғам ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2017 жылы Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратында жастар практикасының практиканты ретінде бастаған. Өзінің еңбек сүйгіштігінің және қызметіне деген адалдығының арқасында бұл күнде Шымкент қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметі басшысының орынбасары лауазымына дейін жоғарылаған. Бұл – мемлекеттік қызметтің меритократия қағидатымен адал, талантты жастардың еңбегінің арқасында биік лауазымдарға орналаса алатындығының бір айғағы.
Мемлекеттік қызметші ретінде ант берген 2019 жылдан бері, мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой мен міндет екенін жете сезінген. Асхат Қайратұлы мемлекетті тиімді басқаруы үшін әрбір мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді әрдайым бойына сіңіруге тырысады. Халық алдында берген антына адал. Бұл – моральдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным.
Төккен тер де ақталуда 2019 жылы «Қазақстан Патроиоты» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды және «Үздік жас мемлекеттік қызметші» атанды.
Әрбір ер-азамат отбасын сыйластықпен, ауызбіршілікпен ұстауы парыз десек, Асхат Қайратұлы мемлекеттік қызметті мінсіз атқарумен қатар, жан жарымен бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жас отбасы.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындау арқылы ел азаматтарының мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырып, өз іс-әрекетімен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда барша бұқара халыққа үлгі болуы тиіс.
«Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез-келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл - өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы»- дейді. А.Бердімұрат.
Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешер болса еліміздің ертеңі жарқын екендігіне сенім мол.

О.МЕЙІРМАНОВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.