АЭС елімізді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады

Понедельник, 16 Сентябрь 2024 10:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 200 раз

WhatsApp Image 2024-09-16 at 12.17.21

Еліміздің энергетикалық дамуын арттыру жолында Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізу мәселесі қазіргі таңда қоғамдық талқыға түсіп жатыр. Әрине әртүрлі пікірлер, әртүрлі көзқарас болады. Алайда елдегі өндірістік әлеуеттің дамуын, экологиялық жағдайдың тұрақтылығын ойласақ, бұл мәселе халықтың қолдауын қажет етеді. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында бұл жөнінде кеңінен әрі нақты айтылып, 6 қазанда жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылданды. Жалпы, АЭС құрылысын салу жобасы жайлы сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар тарапынан нақты тұжырымдар айтылуда.

Нақтырақ айтқанда, АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамып, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкеледі. Қалай десек те, қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғаны шындық. Келешекте электр жарығының тапшылық қаупі төніп тұрған жағдайда АЭС салудан бас тартпауымыз қажет.    

Егер адам баласына күннің жарығы мен жылуы қандай қажет болса, АЭС-те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруіміз үшін сондай қажет. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жеткіземіз. Пайдасы, еліміздің барлық аймағын энергиямен қамту деңгейі артады деп есептейміз. Тағы бір пайдасы, АЭС қуаттылығына қарай белгілі бір мемлекеттің белгілі бір аумағындағы халықтың, өнеркәсіптердің тұрақты, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады. Жергілікті халықты жұмыспен қамту көрсеткіші артып, еліміздің ғылыми тәжірибелік базасы көтеріледі.

АЭС-тар заманауи әлемдегі электр энергиясының маңызды көзі болып табылады. Олар көмірқышқыл газының барынша аз шығарындыларымен электр энергиясын өндірудің айтарлықтай көлемін қамтамасыз ете отырып, көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Әлемде таза, жасыл энергия көзі атом энергиясы болып саналады. Дамыған елдер бұған әлдеқашан көз жеткізген.

Талғат ИСАХОВ, кәсіпкер

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.