ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

Воскресенье, 06 Октябрь 2024 10:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 39 раз

3a30580a-79cf-493d-a162-ec1882a75928

Шымкент қаласында тұрғында АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Мұны тұрғындардың референдум учаскелеріне ұлттық киімдер киіп келуінен байқауға болады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкент қаласының халқы ұлттық салт-дәстүрге берік екенін референдум күні тағы бір рет дәлелдеді. Атап айтқанда, Түркістан сарайы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан референдум учаскелеріне бір топ тұрғындар ұлттық киімдерімен келді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін учаскеге келдік», - дейді олар. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. Қалада 18 жасқа толған 660 563 тұрғыны дауыс беруге құқылы. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкентте референдум үшін барлығы 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.