Шымкент қаласында тұрғында АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Мұны тұрғындардың референдум учаскелеріне ұлттық киімдер киіп келуінен байқауға болады. ⠀
⠀
Шымкент қаласының халқы ұлттық салт-дәстүрге берік екенін референдум күні тағы бір рет дәлелдеді. Атап айтқанда, Түркістан сарайы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан референдум учаскелеріне бір топ тұрғындар ұлттық киімдерімен келді. ⠀
⠀
«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін учаскеге келдік», - дейді олар. ⠀
⠀
Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. Қалада 18 жасқа толған 660 563 тұрғыны дауыс беруге құқылы. ⠀
⠀
Шымкентте референдум үшін барлығы 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 10:58 Автор Редакция Опубликовано в Қоғам Прочитано 45 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.
Последнее от Редакция
- Мұнайшылар әулеті референдумда дауыс беруге келді
- Олимпиада жүлдегері референдумде дауыс берді
- Өнер жұлдыздары да референдумға қатысып жатыр
- Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы референдумға қатысты
- Шымкент жастары референдумға орай ұйымдастырылған "Біз өркендеген ел үшін" акциясына қатысты