×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Таза қала» байқауында бақ сынаңыз!

Среда, 16 Март 2016 04:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4465 раз

Жылдағы дәстүрге сәйкес, тұрақты түрде өтіп келе жатқан «Таза қала» акциясының биылғы жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. Бұл жайында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбек брифингте мәлім етті.

IMG 8192Бүгінде «Таза қала» акциясы 4-рет ұйымдастырылып отыр. Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған «Таза қала» акциясына қала аумағында орналасқан үйлердің төрайымдары мен көше комитетінің төрағалары қатыса алады. Байқауға қатысушылардың өтінімдері 20 сәуірге дейін қабылданады.
– Шымкент қаласының тұрғындарын тазалық сақтауға үндеу, көшелерді, көпқабатты үйлердің аула аумақтарын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайына көңіл бөлу және абаттандыруға тұрғындарды кеңінен тарту – акцияның басты мақсаты болып табылады. Биылғы акцияның өзіндік бір ерекшелігі сол – үздік деп танылған мектеп оқушылары мен жергілікті полиция қызметкерлері де жекелей номинация бойынша марапатқа ие болмақ. Ең бастысы, акция ашық, әрі әділ жағдайда өтеді, – деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы.
Ал «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Ш. Жамалбек парақшалар барлық тұрғын үйлерге ілінетінін, онда акцияға қатысты мәліметтер толық қамтылғанын атап өтті. Ол үшін жалпы саны 13 адамнан тұратын арнайы комиссия да құрылған. Жұмысшы топ әр 15 күн сайын сараптама жасап отырмақ.
Акцияның өткізілетін мерзімі – 2016 жылғы 20 сәуір мен 20 қыркүйек аралығын қамтиды. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы қазан айының бірінші онкүндігінде анықталып, Қала күніне орай әр ауданнан І, ІІ, ІІІ орындар бойынша ақшалай сыйлықтармен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады.
Жиынға қатысушылар акцияның мән-маңызын көпшілік арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласы тұрғындарына арнап Үндеу жариялады.


Шымкент қаласының тұрғындарына
ҮНДЕУ

Құрметті шымкенттіктер!

Қаламыздағы әрбір игі істер, жаңашылдықтар өздеріңізбен бірге атқарылып келеді. Қаланы көріктендіріп, ажарын аша түсуде әр қала тұрғынының үлес қосуы маңызды да абыройлы және ортақ іс.
Елбасы Н.Назарбаев тарихқа тұнып тұрған сәулетті Шымкентті Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы ретінде атағаны белгілі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болатынына сенім білдірді. Осы жоғары сенім үдесінен шығу мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.
Қаламыздың ажарын аша түсетін архитектуралық нысандар, тарихи-танымдық кешендер салынып, заманауи ғимараттар бой көтерді. Зәулім сарайлар, әсем гүлзарлар, демалыс орындары, әлеуметтік нысандар халықтың игілігіне берілді. Тұрғын үйлер заман талабына сай абаттандырылып, көше бойларына ағаш көшеттері, гүлдер егілуде. Шамдары жарқыраған, тазалығы мен сән-салтанаты жарасқан даңғылдар мен көшелер өркениеттi қаланың ажырамас бөлiгi екенi сөзсiз. Облыс орталығының экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл аймаққа айналдыру бағытында жұмыс жүргізілуде.
«Елге ел қосылса – құт» демекші, бүгінгі таңда қала аумағы кеңейіп, тұрғындар саны өсті. Сонымен қатар, қаланы көріктендіру бағытындағы шаруаның ауқымы ұлғайды. Бұл орайда, Шымкенттің ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс. Әрбір шымкенттік өзі тұрып жатқан қалаға деген жауапкершілігін сезініп, жанашырлық танытып, айналасын тазалап, сенбіліктерге белсене қатысса, әрбір аула, көше таза да көрікті болары мәлім. Сондай-ақ, біз азаматтық қоғам өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды осы ортақ мақсат-міндет – қаламызды көркейтіп-көгалдандыру шараларының нәтижелі болуына ұйытқы болуға шақырамыз.
Тазалық – жердің көркі, денсаулық кепілі. Өз үйін қалай таза ұстаса, қаламыздың да солай таза болуына ат салысып жүрген патриоттарымыз бен ақ ниетті азаматтарымыздың қатысуымен ұйымдастырылатын «Таза қала!» атты тазалық акциясын өткізетінімізді мәлімдейміз. Осы орайда, қала тұрғындарын өз үйлерін, ауласын, көшесін таза ұстауға, ағаштарды әктеп, аумақтарды көгалдандыруға шақырамыз. Акция қорытындысы «Қала күні» мерекесіне орай шығарылып, жеңімпаздар «Үлгілі аула», «Үлгілі көше» аталымдары бойынша арнайы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Қымбатты қала тұрғындары!

Сүйікті қаламыздың бүгінгіден де әсем, көрікті болуына өз үлесімізді қосып, үшінші қала атауына сай болуына атсалысайық!

Шымкент қаласының әкімдігі

«ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы

Последнее изменение Среда, 16 Март 2016 04:42