«Ер есімі – ел есінде»

Пятница, 13 Май 2016 04:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3993 раз

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Шымкентте өткен «Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты іс-шара жылдағы дәстүр бойынша «Мәңгілік даңқ» шеруінен басталды. Мыңға жуық азамат қан майданда от кешкен аталарының суреттері мен есімдері жазылған тақтайшаны ұстап, Қажымұқан атындағы орталық стадионнан «Абай» саябағындағы «Мәңгілік алауға» дейін жүріп өтті. Одан кейін өмірден озған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

9 mamyr-1

Шараға қатысқан облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов жиналғандарды Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

– Бұл соғыста біздің азаматтарымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетті. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, көпұлтты татулықтың теңдессіз үлгісі болып тарихта жазылып қалды. Сол мәңгі өшпес өнегелеріңіз жүрегіміздің төрінен орын алды. Болашақта да солай бола бермек, – деді Бейбіт Бәкірұлы.

9 mamyr

Мерекелік шарада әскери өмірден театрландырылған көрініс қойылды. Сондай-ақ, қарт майдангерлерге дастархан жайылып, олар дала ботқасынан дәм татты.

9 mamy-r

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.