«Елбасы белгілеген 100 нақты қадам»

Пятница, 25 Ноябрь 2016 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3714 раз

100 kzЕлбасының тікелей қолдауымен болып жатқан бұл өзгерістер құқықтық сауаты күннен-күнге артып, сотқа жүгінулерін көбейткен халықтың игілігі үшін, әуре-сарсаңды азайту үшін жасалып жатқан дүниелер, яғни азаматтардың қолжетімділігін жеңілдету үшін жасалып отырған қадам екені анық. Ұлт жоспары нақтылы, дәйекті және айқын жоспар.

Ұлт жоспары-қоғам мен мемлекетті қайта өзгертуге бағытталған, одан әрі өркениетке бастайтын құжат. Ел келешегінің табысты болуына жетелейтін бұл құжат ағымдағы тарихи сатыда еліміз үшін айрықша және жоғарғы стратегиялық құндылыққа ие.

100 нақты қадамның қай-қайсысы да өзекті мәселелерді қамтыған. Басты назар-кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталғанын ерекше айта кету абзал.

Себебі, өз ісін жетік білетін, білімді әрі білікті, талантты, өз мамандығына адал мемлекеттік қызметшілер елге қызмет етпейінше, бұл реформаларды іс жүзіне сапалы асыру мүмкін емес. Бір белестен екінші белестерге ала отырып, дамудың нақты бағдарлары және айқын да салмақты стратегияларды белгілеп алға ұмтылып, басты және алдыңғы қатарлы 30-дыққа ену үшін қажырлы да жасампаз еңбек ету қажет. Бұл жан-жақты даму Қазақстанды өмірдің жаңа жоғарғы стандарттарына жақындатады.

«100 нақты қадам» - Қазақстан дамуының аса ірі әлеуметін ашып көрсететін маңдай алды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру. Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыртылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар. Біздің еліміздің жаhандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институционалдық реформа ауадай қажет. Ол миллиондаған қазақстандықтар үшін болашаққа баратын даңғыл жолды белгілеп берді. Президенттің Ұлт жоспарының әрбір жолынан «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» деген жасампаз тарихи месседж онша көзге ұрмай, бірақ әжептәуір ап айқын көрініп тұрады. Ұлт жоспарының әрбір тармағы түсінікті.

Осынау нақты 100 қадам халықтың арман-аңсарын танытады. Ол қадамдар халықтың және әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келеді. Біздің қазақстандықтардың әрқайсысы өзінің мамандығына, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамды жасауға тиіс. Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегменттіне жеке жауап береді.

Әрбір мемлекеттік қызметкер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұраққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс. Халық пен елге талмай қызмет ету, өзінің еңбегі мен қамқорлығының арқасында Қазақстанның және қазақстандықтардың мүддесіне пайда келтіру арқылы мүндай жоғарғы жауапкершіліктің үлгісін бізге Елбасы көрсетуде.

Елбасымыздың нақты қадамы өте құптарлық дүние. Ол үздік отыздыққа апаратын 100 қадам бағдарламасы еліміздің өркендеуіне бастар қадамдар.


                                                                                                                  Меденова Камшат Кумисбековна
     Шымкент қаласы Абай аудандық Әділет басқармасының инспектор- іс жүргізушісі,
ОҚО «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.