«Елбасы мақаласы жетістікке жетуге жігерлендіреді»

Среда, 12 Апрель 2017 11:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4265 раз

63854654Ерболат НҰРМАХАНОВ, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:

 
– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шықтым. Басынан аяғына дейін оқыған адамның санасын сілкіп, рухын қайрап, жігерлендіреді. «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім» деген Мемлекет басшысы ұлттық сананы жаңғыртудың негізін атап өткен.
 
Расында да, әрнәрсеге байланысты сауатты пікір білдіріп, өзіндік көзқарасыңды танытудың бірден-бір жолы – білімділік, жан-жақтылық. Біздің елдің азаматтары, жастары қоғамда орын алып жатқан жаңалықтарды тереңнен зерттеп, зерделеп, әлемдік деңгейде ойлауды меңгергені абзал. Солай бола тұра, ұлттық құндылықты сақтап, елдің біртұтастығын қадірлеп, туған жерге деген жанашырлығын жоғалтпауы тиіс. Президентіміздің: «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деген сөзі өте ұтымды айтылған және бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Последнее изменение Четверг, 13 Апрель 2017 03:18
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.