Бір күнде мыңнан астам адам қан тапсырды Избранное

Пятница, 16 Июнь 2017 06:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3491 раз

Облыстық қан орталығында донор болғандар осылайша мұқтаж жандар үшін үлкен көмек көрсетті. Орталыққа келіп, донор болғысы келгендердің басым көпшілігі еріктілер. Араларында белгілі бір мерзімде қан тапсырып отыратын азаматтар да бар.

Жалпы сала мамандарының сөзіне қарағанда, дені сау адам үшін 450 милилитр көлемінде қан беру - физиологиялық жағынан еш қауіпсіз, әрі қалыпты жағдай. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсырудың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді. Сондықтан донор болудың ешқандай зияны жоқ деп отыр. Сонымен қатар донор болуға ықылас білдіргеннің ағзасы регенерация үдерістерінің өтуіне байланысты жасарады. Жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектесіп, иммундық жүйе жұмысы да жақсаратынын айтады. «Көп қан кеткен жағдайда, ешқашан қан тапсырмаған адамнан - донордың тірі қалуға мүмкіндігі көптеу. Себебі оның ағзасы қан жоғалтып үйренген. Сондықтан әрбір адам өмірінде бір рет донор болуы тиіс. Оның үстіне бізде қан тапсырғандар өз денсаулығы жайында мәліметті ақысыз түрде алады. Мысалы ВИЧ, гепатит В, С, мерез таңбалағыштарының өз қанының құрамында бар-жоғын анықтау орта есеппен бір айлық еңбекақы көлемінде болады. Егер донор болсаңыз, онда өзіңізге және жақын туыстарыңызға қажеттілік туындаған кезде қан компоненттерін алуға кепілдеме беріледі», – дейді облыстық қан орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жайнара Астанаева.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.