Журналистер – қоғамның қозғаушы күші

Пятница, 30 Июнь 2017 05:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4947 раз

jurnalister-kogam

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің бірқатар БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады. Бұл күн қаламыздағы «Керуен Сарай» мейрамханасында журналистер қауымына марапат жауған күн болды.

Үздіктер дәріптелген күн

jurnalister-kogam2

Салтанатты жиынды ашып берген облыс әкімі журналистер қауымының қоғамдағы орны мен рөліне тоқталды.
– Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыруға, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек қандай да бір ақпарат көзінің сөзі – қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Сондықтан да әрбір сөзді, әрбір оқиғаны таратуда шынайылық пен адалдық қағидаларын сақтай отырып әрекет етулеріңіз барынша маңызды деп білемін», – деді өңір басшысы.
Мұнан соң, Жансейіт Қансейітұлы аталған салада талай жылдардан бері қызмет етіп, қоғамдағы күрмеулі мәселелерді қозғап жүрген журналистерді марапаттады.

jurnalister-kogam1

Сонымен, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына «Отырар» телеарнасының директоры Валентина Куликова ие болса, «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалі «ҚР мәдениет қайраткері», «Қазақстанның Құрметті журналисі»
Қалыбек Атжан, журналистика ардагері Суханберді Оразалиев және «Рабат» газетінің бас редакторы Фарида
Шарафутдиноваға табысталды.


Үздік жарияланым номинациясы бойынша «Үздік телеарна» аталымын «Отырар» телеарнасы алса, «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Заң», «Қазақстан заман» газеттерінің меншікті тілшісі Шадияр Молдабек пен «24 kz» телеарнасының меншікті тілшісі Катерина Попкова, «Үздік басылым» номинациясын «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» және «Уақыт» газеттері, «Алтын қауырсын» номинациясын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит
Сапарбеков, «Алтын микрофон» номинациясын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Төребек Байтасов, «Үздік ақпараттық агенттік» номинациясын Rgmedia.kz ақпараттық порталы, «Үздік аудандық, қалалық басылым» аталымын «Ордабасы оттары» газеті еншіледі. Мұнан бөлек, 9 тілшіге облыс әкімінің Грамотасы, 11 журналиске облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

jurnalister-kogam3

Сонымен бірге 18 адамға Түркия Республикасына жолдама берілсе, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасына белсене қатысқаны үшін 10 азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
БАҚ өкілдері құрметтелген шарада бірқатар қаламгерлер облыстық мәслихаттың Грамотасымен, Алғыс хатымен, ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің Алғыс хатымен, Қазақстанның Журналистер Одағы ОҚО филиалының арнайы номинацияларымен, облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты отырыста облыстық БАҚ өкілдері арасында өткен «Кәсіпкерден 10 кеңес» байқауы мен «Отансүйгіштік – Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» байқауының жеңімпаздары құрметке ие болып, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген бірқатар блогерлер облыстық ішкі саясат басқармасының сыйлығымен марапатталды. «Кәсіпкерден 10 кеңес» байқауында біздің «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінен төрт бірдей журналист бақ сынаған болатын. Олардың ішінде жас тілшіміз Мөлдір Кенжебай жүлделі І-орынды (300 мың теңге) иеленсе, Галина Герман ІІІ-орынға (150 мың теңге) орнықты. Ал журналистер Бейбіт Бисенбаев пен Құттыбике
Нұрғабыл ынталандыру сыйлықтарына (әрқайсысы 70 мың теңгеден) қол жеткізді.
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнінде облысымыздың өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бір қуанарлығы, дәстүр бойынша биыл да журналистер мерекесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Облыс және қала басшылығы бұл жылы да жазарман қауымның еңбегін елеп, қадірін арттырды. Жүлделі орындар мен сыйақы мөлшері жылдағыдан көп әрі қомақты болды. Айтарымызды бір сөзбен түйіндесек, журналистерге жауған марапаттар құтты болғай!


Жәмила САРЫПБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.