20 жылдыққа – 20 игі іс Избранное

Среда, 28 Ноябрь 2018 05:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2613 раз

«Нұр Отан» партиясы 20 жылдық мерейтойы қарсаңында игі бастаманы қолға алып отыр.

131

 

Партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов және қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев «20 жылдыққа - 20 игі іс» бастамасы аясында қаладағы көпбалалы ана Есенкүл Омашеваның отбасында болып, «Алтын алқа» иесіне сый-сияпат жасады.
Шымкент қаласының 76 жастағы тұрғыны Есенкүл апа 3 ұл мен 4 қыз өсірген асыл ана, 23 немере, 8 шөбере сүйген әже. Қарияның қолындағы келіні Гүлзада да 9 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана.
– Мен де көпбалалы отбасында дүниеге келдім,- деді әжені құттықтап барған Бахадыр Нарымбетов. - Көпбалалы отбасыда алған тәрбиенің мәні де өзгеше болады. Осынау игі істің мақсаты - миллионды қаланың мерейлі аналарын елге үлгі ету.
Ел ағалары алтын құрсақты аналарға партия атынан бағалы сыйлықтар табыстады.