Көңілдеріңізден көктем кетпесін!

Среда, 06 Март 2019 04:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2773 раз

Құрметті де қымбатты арулар!
Асыл аналар!

DSC 2084

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Осынау мереке күні көңілдеріңіз шаттыққа, құшақтарыңыз қырдың әсем гүліне толсын!

Ер-азаматтардың өміріне мән беретін – сіздер, әр отбасының берекесін нығайтып, сәнін келтіретін де – сіздер. Ер-азаматтармен қатар еңбек етіп, Тәуелсіз Қазақстанның, туған қаламыз – Шымкенттің де дамуына үлес қосып келесіздер. Азаматтық қоғамның дамуында, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысындағы орындарыңыз өз алдына бір төбе.

Кең жүректі, мақпал мінезді, сарқылмас қуатты аналар мен арулар қоғамымыздың қайнар күші. Сіздердің аналық махаббаттарыңызға қанша құрмет көрсетсе де лайықты, өз орталарыңызды жаңа белестерге сүйреп, әрдайым қолдап жүресіздер.

Қымбатты ханымдар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Әрдайым күндей күлімдеп, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Ізгі тілекпен,
Жұмағали БІЛІСБЕКОВ,
«Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы»
заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Последнее изменение Среда, 06 Март 2019 04:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.