Елбасы сенімі – жастарда

Вторник, 19 Март 2019 16:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1774 раз

WhatsApp Image 2019-03-19 at 22.53.03

2019 жылдың 19 наурызы күні Қазақстанның саяси тарихындағы аса маңызды оқиға орын алды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасады.

Әрине, мұндай жаңалықты көбіміздің күтпегеніміз анық. Дегенмен, елді 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы өзі сараптап, терең де маңызды шешім қабылдағаны белгілі.

«Біз әлемнің бір орында тұрмай, үнемі өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Әрбір ұрпақтың атқаратын өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық.

Оның нәтижелері өздеріңізге белгілі. Әлем өзгеріп, жаңа буын келеді. Бұл – табиғи процесс. Олар өз заманының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ, елімізді одан әрі өркендету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс.

Әлеммен бірге біз де өзгеруге тиіспіз. Жас қазақстандықтарға айтарым: тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер. Бұл – біздің халқымыз, біздің ұлы бабаларымыздың жері. Отанымыз да, жеріміз де бір.

Халқымыздың достығы мен бірлігін, бір-бірімізге деген сенімді сақтап, еліміздегі әрбір азаматтың төл мәдениеті мен дәстүрін құрметтей біліңіздер.

Сонда ғана біз мықты болып, сын-қатердің бәріне төтеп береміз!» деді Тұңғыш Президент.

Дария Қожамжарова,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.