Әлемдік екі дағдарыстан сәтті өттік

Вторник, 19 Март 2019 17:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2027 раз

WhatsApp Image 2019-03-19 at 23.48.23

Тәуелсіз, егеменді Қазақ елі. Расында, бұл сөзді айтқанда, ең алдымен, оның бастауында болған, нық сеніммен алға жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ойға келеді.

Тұңғыш Елбасы КСРО ыдыраған сонау тоқырау заманда елді басқарып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізді. Президентке тапсырылған жауапкершілік зор болды. Елді басқарған 30 жылда артылған жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, әлемдік қауымдастыққа терезесі тең елдер қатарында болуды жүзеге асыруда қаншама батыл шешімдер қабылдады.

Кешегі тұғыры қаланып, әлемге танылған Астана мен бүгінгі түркі әлемінің бесігі Түркістанды түлету, Шымкентке үшінші мегаполис мәртебесін беру секілді шешімдерде Елбасының даналығы мен көрегенділігі жатқаны айдан анық. Мемлекет басшысының еліміздің әлемдік екі дағдарыстан сәтті өтіп, халықтың әл-ауқатының төмендеуіне жол бермегені көреген саясатының жемісі деуге болады.

Қанатбек ДОСАЛИЕВ,
М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.