Бұл – Елбасыға ғана емес, елдік құндылығымызға көрсетілген құрмет

Четверг, 21 Март 2019 12:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3137 раз

Астана қаласының Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп аталуы – елдігіміздің айқын дәлелі. Бұл, шын мәнінде, өте ұтымды шешім болды.

 

 

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің басшысы ретінде жинаған тәжірибесі зор. Елбасы – тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Оны дүние жүзі мойындайды. Меніңше, мұндай Көшбасшы біздің бағымызға бұйырған деп санаймын.

 

 

Қазір Елбасы мен Елорда егіз ұғымға айналды. Президенттің ерекше күш-жігерінің арқасында Астана бүгінде көз тартатын әлемдегі келбетті шаһарлардың қатарына қосылды. Елордамыз аз уақыттың ішінде Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Қазіргі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.

 

 

Астана әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасып, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдауда. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Астана қаласында ЭКСПО халықаралық көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етті. Бұл – Елбасы айқындап берген сарабдал саясаттың жемісі, біздің ортақ жетістігіміз. Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

 

 

Астананың Елбасының есіміне ауыстырылуы – елдің үлкен құрметі. Алға қойылған міндеттердің табыспен іске асырылуы жаңа астананың одан әрі өркендеп, келешегі кемелдене түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сеніміміз зор. Алдағы уақытта да бұл шаһар қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сеніміміз мол.

 

 

Жәміш Бердалы,

 

Шымкент қаласының тұрғыны, имам

Последнее изменение Четверг, 21 Март 2019 13:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.