Елбасы есімі – Елордаға лайық

Четверг, 21 Март 2019 12:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3266 раз

Халықаралық қауымдастықта ел астаналарын белгілі қайраткерлер мен президенттердің есімдерімен атау үрдісі осыдан жүздеген жылдар бұрын басталған. Әлемде мұндай астаналардың саны аз емес.

 

 

Солардың негізгілерін алсақ, мысалы, 1791 жылы негізі қалған Вашингтон қаласы АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтонның құрметіне аталған. Ал патша Петр І негізін қалаған Санкт-Петербург қаласы бір кездері Ресейдің астанасы болды. Кейін қаланың атауы КСРО-ның бірінші жетекшісі Лениннің құрметіне Ленинград деп аталып, 70 жылдан кейін тарихи Санкт-Петербург атауы қайтып берілді.

 

 

 

Ал өткен ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік Вьетнамның бұрынғы астанасы болған Сайгон қаласына Вьетнамның бірінші президенті Хо Ши Миннің есімі берілді. Рим қаласына елдімекеннің негізін қалаған Ромулдың аты берілген.

 

 

 

Жаңа Зеландияның астанасы Веллингтон қаласын Веллингтон герцогы Артур Уэлслидің құрметіне атаған.

Сарапшылардың пікірінше, қалаларға әйгілі мемлекет қайраткерлерінің атын беру негізінен Еуропадан басталған. Оған бір мысал ретінде ежелгі дәуірде бой көтеріп, атақты қолбасшы Александр Македонскийдің есімі берілген Александрия қаласын атауға болады.

 

 

 

Сондықтан мұндай үрдіс әлемде жалғасып келе жатқанын ескере отырып ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы Nursultan қаласы деп атау туралы ұсынысын қолдаймын.

 

 

 

Қазақстанның Елордасының еңсе тіктеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген Елбасының есімі ел астанасына беруге лайық деп есептеймін.

 

 

 

Апбазов Шәкір Ұлықманұлы,

 

 

Шымкент қаласының тұрғыны, зейнеткер

Последнее изменение Четверг, 21 Март 2019 12:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.