«Сергек»: Айыппұл салу басталды Избранное

Пятница, 05 Апрель 2019 05:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2291 раз

sergek-main-1193x671

Шымкентте 5 сәуірден бастап «Сергек» видеожүйесі арқылы жол ережесін бұзушыларға айыппұл салу басталды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Данат Жумин Фэйсбук желісіндегі парақшасында жазды.

Қазіргі таңда жүйе толығымен бапталып, жұмыс істеуде. Жыл басынан бері осы жүйе арқылы жол жүру ережесін бұзудың 15 243 фактісі тіркелді.
Айта кету керек, үшінші мегаполисте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сергек» пилоттық жобасы 2018 жылы басталған. Бүгінгі таңға дейін қалада 100-ден астам камера орнатылды.
Камераларды интеграциялау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы, 2019 жылы қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 мың камера орнатып, орталықтандырылған «Call-center» ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, «Сергек» аппаратты-бағдарламалы кешендері Шымкенттегі 35 көше қиылысында жұмыс істейді. Олардың 27-сі 2018 жылдың қыркүйек айынан бері пилотты режимде жұмыс істеп келді.

 

Арман СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.