Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұрпаққа аманат Избранное

Вторник, 30 Апрель 2019 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3060 раз

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Орталық жобалық офисінің менеджері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президентінің кеңесшісі Болат Атыбай Шымкентке іс-сапармен келіп, жергілікті қауыммен жолықты.

Алдымен «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында білім саласының мамандарымен жүздескен Болат Қожанұлы педагогтарға лекция оқыды.

– Рухани жаңғырудың негізі – халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар дегендей, мемлекеттің дамуы ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты, - деді Болат Қожанұлы.

Елордалық қонақ бұдан кейін шымкенттік жастармен де жүздесті. Оқушылар сарайында өткен жиынға қатысқандар Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз ойларын ортаға салды. Болат Қожанұлы бағдарламадағы 6 құндылыққа жіті тоқталып өтті.

Оның ішінде ұлттық бірегейілікті сақтау, бәсекелік қабілет, прагматизм бағыттарын мысалдармен түсіндіріп берді. «100 жаңа оқулық», «Латын қарпіне көшу», «Жаһандық мәдениет» бағдарламалары өскелең ұрпаққа білім беруге таптырмас құрал, - деді маман.

Кездесу барысында «Шымкент Келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова мен «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева Елбасы бағдарламасының маңызына тоқталды.

Басқосуға келген оқушылар сұрақ-жауапқа қатысып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Кеш қонақтары шымкенттік жастарды белсенді болуға, өңірлік жобалық кеңсенің іс-шараларына атсалысуға шақырды.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ,
Азамат ЖАППАР

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.