Мобильді азаматтар базасына жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді

Вторник, 14 Май 2019 10:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2274 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн аса адам мобильді азаматтар базасына тіркелді. Осылайша базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр. Мобильді азаматтар базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервисті онлайн түрде ала алады.

 

 

 

Мәселен, базаға тіркелгендер egov.kz порталының құпиясөзін ұмытқан жағдайда ұялы телефондарына бір реттік құпиясөзге сұрау жібере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлі қызметін қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивті қызмет аясында, бала туылған шақта жіберілген смске жауап беру арқылы туу куәлігі мен жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, бөбекті балабақша кезегіне қоя алады. Сонымен қатар базаға тіркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегімен 25 қызметті емін-еркін қолдана алады.

 

 

Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердің есебінде тұрмау туралы, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты бірқатар анықтаманы алып, дәрігер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегін онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Аталмыш бот 2018 жылы іске қосылды. Осы уақытқа дейін оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгерді.

 

 

Қазақстандықтар мобильді азаматтар базасының тізімінде тіркелген/тіркелмегенін egov.kz порталы арқылы тексере алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметі

Последнее изменение Вторник, 14 Май 2019 11:02
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.