Киелі жерлер – тұнған тарих

Среда, 29 Май 2019 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3516 раз

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі киелі жер. Оның дәлелі ретінде осы аймақта ораласқан тарихқа аты алтын әріппен жазылған қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Үкаша ата, Домалақ ана кесенелері және тағы басқа киелі жерлерді атап айтсақ болады.

23

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «әлемнің жеті кереметі» секілді қазақтың кең байтақ даласындағы тарихи ғажайыптарды саралап берді. Осыған орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің ЖТ-18-3к3 тобының студеттері топ жетекшілері Ұ.Қалтабекованың бастауымен «Ұлы даланың қасиетті жерлерін» таныстыру жобасын қолға алды.

Ақмешіт киелі үңгірі Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде орын тепкен. Бабайқорған ауылының солтүстігінде Үкаша ата қабірі орналасқан. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз әфсаналар студенттерді қызықтыра түсті.

25

Сондай ақ, Арыстан баб пен Домалақ ана кесенелері де өзінің тарихи тағлымымен жадымызда сақталды. Студенттер бұл өңірмен танысумен қатар, рухани дүниелерін байыта түсті.

Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды.

Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты.

Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

К.Уразбаева,
Тамақ инженерия
кафедрасының меңгерушісі.
У.Калтабекова,
ЖТ-18-3к3 тобының кураторы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.