200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ Избранное

Пятница, 22 Ноябрь 2019 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2179 раз

Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында ел бойынша «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтуде.

Осының аясында бүгін қала әкімі, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Лауазымды тұлғалар бұл күні 200-ге жуық азаматты қабылдап үлгерді. Сағат таңғы 09.00-ден басталған Шымкент қаласы әкімі Ерлан Айтахановтың қабылдауына келген xалықтың саны өте көп. Бүгінгі таңда проблемалар мемлекеттік бағдарламалар аясында шешіліп отыр.

Дегенмен, шешімін таппай жатқан мәселелер де бар. Осының бәрін тұрғындардың аузынан естіген қала басшысы көтерілген әрбір мәселе заң шеңберінде қаралып шешілетінін атап өтті.

Қабылдауда әкім тұрғындармен ашық диалог құрып, Шымкенттің алдағы даму жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ азаматтардың қаланы дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Жолданған сауалдардың басым бөлігі тозығы жеткен жол, қоғамдық көлік және жылу мәселесіне қатысты болды. Бұдан басқа тұрғындар ауызсу, газ, баспана кезегі туралы айтып, әкімнен көмек сұрады.

Ал көпбалалы аналар үйлерін заңдастыра алмай жүргендіктен, атаулы әлеуметтік көмектен қағылып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, әкімге жұмысқа орналасуға байланысты сұрақтар да жиі қойылды. Қала әкімі әр тұрғынның сауалын тыңдап қана қоймай, оларды шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.