ТАРИХТЫ ҰМЫТПАУ - ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Суббота, 30 Май 2020 18:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 153 раз

101072058 2540070802972537 4863247591598456832 n

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады. Қазақ халқының 1932-1937 жылдар аралығындағы басынан кешкен қуғын-сүргіні - тарихымыздың жанындағы жазылмаған жара. Тарих бетіндегі ақтаңдақ оқиғаларды ата-әжелеріміз кезінде егіле отырып, айтып беретін.

Жыл сайын 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде "Қасірет" мемориалында репрессия құрбандарына тағзым етіп келеміз.

"100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар. Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері («АЛЖИР») сол жылдардағы қатыгездік пен жауыздықтың қара таңбасындай болды. Мұнда саяси тұтқындардың жақын туыстары, әйелдері мен балалары қамалды. Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты" деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Уақыт өтсе де, жан жарасы жазылған жоқ. Келешекте ұлтымыз бұл сұмдықты көрмесе деп тілейміз. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – саяси қуғын-сүргін құрбандарын естен шығармай, оларды жадымызда сақтау. Осы ретте, Президент үндеуінде саяси жүйенің құрбанына айналған азаматтарды түгел ақтап алу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын айтты.

Біздің парызымыз - тарихты ұмытпау, жазықсыз жапа шеккен бабаларымызды естен шығармау.

 

Нұралы ӘБІШ, "Бөрте Милка" компаниясының директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.