Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы

Пятница, 24 Июль 2020 17:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 292 раз

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№28

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

23.07. 2020ж.

                                                         

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдесіндегі №44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №25 қаулысынның3 тармағы 3.3. тармақшасы өзгертіліп мынадай редакцияда жазылсын «жұмыс күндері ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, Call орталықтарының және «Қазпочта» АҚ-ның жұмыс уақыттары сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін шектелсін, ал демалыс және мереке күндері жұмыс істеулеріне тыйым салуды».
  2. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
  3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.