Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Вторник, 22 Сентябрь 2020 04:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 248 раз

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

18.09.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

№38

 

                                                                        

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріТулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ 47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48- БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 - БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ 49-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 - БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №50-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйегіндегі №53 - БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №53-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №36 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармақтың 3.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

2) 3 тармақтың 3.5. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметін тоқтатып, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен азық-түлік базарларымен азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары) қызметі сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін»;

3) 3 тармағы 3.7. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар, кулинариялар) жұмысы жұмыс күндері, демалыс күндері және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін»;

4) 3 тармағы 3.8. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.8. ауыл-шаруашылық, далалық жұмыстар, құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, мал және құс шаруашылықтар жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын»;

5) 3 тармақтың 3.13. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.13. спорт жаттығу Ұлттық құрамадағы, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын,қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және 5 адамнан аспайтын топтық, жеке және топтық жаттығуларды, ашық аспанда көрермендерсіз спорттық ойындарды өткізуге рұқсат етілсін»;

6) 3 тармағы 3.14. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.14. балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

7) 3 тармағы 3.16. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.16. жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, 50-дан астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын»;

8) 3 тармағы 3.18. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.18. спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының және жабық спорттық құрылымдардың) бір келушіге 5 шаршы метірге дейін, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс күндері,  демалыс және мереке күндері жұмыстары ұйымдастырылсын»;

9) 3 тармағы 3.19. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.19. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын»;

10) 3 тармағы 3.20. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.20. қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын»;

11) 3 тармағы 3.22. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.22. аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

12) 3 тармағы 3.24. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.24. мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелумен, бет перде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысын қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

13) 3 тармағы 3.25. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.25. ҚР БМСДҚ №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

 14) 3 тармағы 3.27. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.27. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерінің жұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер) жұмысы ҚР еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын»;

15) 3 тармағы 3.28. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.28. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын.

Ашық кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

16) 3 тармағы 3.29. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.29. өңіраралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тиым салынсын»;

17) 3 тармағы 3.32. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.32. гүл сататын нысандардың қызметі қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

18) 3 тармағы 3.34. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.34. бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебімен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметі 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысын ұйымдастырылсын»;

19) 3 тармағы 3.37. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.37. осы қаулыда көрсетілмеген нысандарының жұмыс уақыты шектеліп, 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын»;

20) 4 тармағы 4.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4.1. жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын».

2.Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы жариялансын.

3. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен аумақтық басқармалардың басшылары, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы осы Қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4.Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 
Последнее изменение Вторник, 22 Сентябрь 2020 04:43
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.