Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының қаулысына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы

Вторник, 01 Сентябрь 2020 11:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1501 раз

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

01.09.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 №35

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Жумабек Анашович Ержанов, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49-ПГВр қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан       әрі - ҚР БМСДҚ №49-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50-ПГВр қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №50-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 29.08.2020 жылғы №34 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармағы 3.5. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.5.сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен жұмыс күндері азық-түлік базарлардың және азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары) жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын, сағат 06:00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт бойынша шектеумен ашық ауада жұмыс істейтін азық-түлік базарларының қызметін қоспағанда»;

2) 3 тармағы 3.7. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.7.көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 30 орынға арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар, кулинариялар) жұмысы сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін»;

3) 3 тармағы 3.16. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.16. қалыпты жағдайда жеткізу және шығару режимінде, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, 30-дан астам отыратын орны бар ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын»;

4) 3 тармағы 3.26. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.26. қалыпты жағдайда жеткізу және шығару режиміндегі нысандарының жұмысын қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысы 09:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырылсын».

2. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволармен ұйымдардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

орынбасары

Ж.Ержанов

 

Последнее изменение Четверг, 24 Сентябрь 2020 11:49
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.