Өндірістік бақылау дегеніміз не?

Вторник, 22 Декабрь 2020 06:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 440 раз

876adb17-03a4-4307-ba95-1f38e794271b

Шымкент қаласындағы барлық субъектілер (объектілер) өз қызметі барысында өндірістік бақылау жүргізуге тиіс.
Өндірістік бақылаудың мақсаты санитариялық қағидаларды, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау, олардың сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру арқылы өндірістік бақылау объектілерінің зиянды әсерінің адам мен қоршаған ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қандай нысандар өндірістік бақылаудан өтуі керек?
1. өнеркәсіптік кәсіпорындар (оның ішінде радиациялық объектілер);
2. тамақ өнімдерін өндіру объектілері;
3. коммуналдық нысандар;
4. денсаулық сақтау ұйымдары, сауықтыру ұйымдары, емдеу-профилактикалық ұйымдары, стоматологиялық клиникалар,медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын объектілер;
5. дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметтерді өндіру және көрсету объектілері;
6. балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілері;
7. химиялық заттарды, агрохимикаттарды және пестицидтерді сақтау және пайдалану жөніндегі объектілер;
8. жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары бар объектілер.
Өндірістік бақылау жүргізу үшін өндірістік бақылау бағдарламасы әзірленеді және бекітіледі.
Өндірістік бақылау жүргізудің бағдарламасы зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді қамтиды:
- санитарлық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаны бақылау;
- тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын шикізатты, жартылай фабрикаттарды, буып-түю материалдарын, бұйымдарды бақылау, олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын бақылау;
- медициналық тексерулердің уақытылы өтуін бақылау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшалардың есебін жүргізу;
- қауіп факторларын бағалау, анықталған қауіптерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздік және зиянсыздық өлшемдерін талдау және қауіптерді басқаруды қамтамасыз ету үшін бақылаудың сындарлы нүктелерін айқындай отырып, процестердің ( пайдалану, жинау,тасымалдау,сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қайта өңдеу, көму) қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындау;
- жұмыс орындарын қорғау;
- туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты , жергілікті атқарушы органдарды, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметін хабардар ету схемасын әзірлеу.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер объектілерде жүргізілген өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты Шымкент қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына объект аумағы бойынша жартыжылдықта 1 рет беруге тиіс.
Өндірістік бақылауды қайда өткізуге болады?
Кез келген аккредиттелген зертханада келісімшарт енгізінде өткізуге болады.

Бұл қанша тұрады?
Өндірістік бақылаудың құны зерттеу көлеміне байланысты және тікелей зертхана прейскуранты бойынша қанша тұратыны анықталады.

Сіздерді өз нысандарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болуға шақырамыз!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.