1. Сергулиева Багила Дуйсенбековна-Сәуле ш/а., Абай көшесінің тұрғыны.
Сұрақ: Производственный көшесі мен Ғ.Муратбаев көшесін жарықтандырып берсеңіздер.
Жауап: Өндірістік көшесіне түнгі жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді.
Ғ.Мұратбаев көшесіне жарықтандыру бағаналарын орнату Шымкент қаласы аумағындағы жарықтандыру жүйелерін қайта құру, салу және күтіп ұстау жұмыстарының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» аясында 2021-2022 жылдары атқару жоспарлануда.
2. Ахметова Жақсыгүл-276 орамның тұрғыны.
Сұрақ: 276 орамда жол болмаған соң, қоғамдық көлік жүре алмайды. Қазір жолға тас төселген. Камаздар жүріп, бәрін жерге кіргізіп тастаған. Азанғы уақытта жолға шығу мүмкін емес. Жолды асфальттап берсеңіздер.
Жауап: Сауле шағын ауданы, 276 орам, Муратбаев көшесінің жалғасын жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып қолданысқа берілді.