«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 1 шілдеден бастап кезекші ХҚО-ның жұмыс кестесі өзгергенін хабарлайды. Енді кезекші ХҚО мереке, күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал жұмыс күндері кезекші ХҚО-ның жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Қаладағы қалған ХҚО-лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма) қызмет көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді «ХҚО» қосымшасы арқылы, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы арқылы да онлайн режимде алуға болады.
Кезекші ХҚО мекенжайы: Әл-Фараби ауданы, №1 бөлім, Жангелдин көшесі, 13 А.
Еңлік СЕРІКБАЕВА