АИТВ-сіз ӨМІР СҮР

Пятница, 15 Июль 2022 09:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1056 раз

АИТВ адамның иммундық жүйесін зақымдай отырып, басқа инфекциялық аурулардың дамуына ықпал етеді. Өйткені, адамның иммун жүйесі әлсіз болғандықтан, ауру туғызатын микроорганизмдермен күресуге қабілеті төмендейді. АИТВ адамнан адамға үш жолмен беріледі: қан арқылы, жыныстық қатынас және анадан балаға жүктілік, босану немесе емізу кезінде.

Жұқтырған адам көбіне ауру жұқтырғанын білмейді. Бірнеше апта өткен соң ғана төмендегідей белгілер пайда болуы мүмкін: себебі белгісіз қызба (тұрақты немесе бір айдан аса уақыт бойы қайталанған), тері бетінде бөртпелердің шығуы, 1 айдан аса уақыт аралығында екі немесе одан да көп лимфа түйіндердің үлкеюі, 14 тәулік және одан да астам уақыт ішіндегі ұзақтығы бір айдан асатын созылмалы іш өту, түсініксіз 10% және одан да артық салмақ жоғалту т.б. Вирус жұқтырған адам көп жыл бойы өзін сау адамдай сезінеді. Бұл аурудың жасырын кезеңі деп аталады. Бірақ бұл кезде адам ағзасында өзгеріс болмайды. Ауру қоздырғыш, оның ішінде АИТВ адам ағзасына енгенде, иммун жүйесі антидене өндіреді. Антидене ауру қоздырғышты жоюға көмектеседі.

АИТВ жұқтырып алмау үшін қарапайым ережелерді сақтауыңыз қажет: бір реттік шприцті қолдану, қорғаныс құралдарынсыз кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеу, жүктілік кезінде дәрігердің бақылауында болу, өзіңіздің статусыңызды білу үшін АИТВ тестіден өту. Зерттеуді мекенжай бойынша тіркелген емханада және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтырында құпия және жасырын түрде өтуге
болады.

Г. БЕРДИЕВА,
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.