Күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Пятница, 15 Июль 2022 09:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2218 раз

kuik

Күйік – жоғары температураның, химиялық заттардың (қышқылдар, сілтілер, ауыр метал тұздары), электр тогы, күн және рентген сәулелері, сондай-ақ кейбір дәрі-дәрмектік заттар әсерінен терінің зақымдануы.

Зақымдану тереңдігі бойынша күйіктің төрт дәрежесі бар. 1-дәрежелі күйік терінің қызару, ісіну және қызып, ауырсыну түрінде беттік зақымдануымен көрінеді. 2-3 күннен кейін ісіну және қызару жоғалады, эпидермистің үстіңгі қабаттары түседі және 1-ші аптаның соңында күйік жазылады.

Екінші дәрежелі күйік кезінде терінің ісінуі мен қызаруы байқалып, зақымданған тері астына мөлдір, сары су жиналады. Эпидермис оңай алынады, ашық қызғылт ылғалды жылтыр жара беті жалаңаштанады. Қатты ауырсыну алғашқы 2-3 күнде байқалады, ал 3-4 күннен кейін қабыну белгілері азаяды, 8-10 күнде жазыла бастайды. Мұндай күйіктер әдетте із қалдырмайды, бірақ қызару мен пигментация бірнеше апта сақталуы мүмкін.

Үшінші дәрежелі күйік кезінде күйген аймақта ауырсыну сезгіштігі төмендейді немесе сезімталдығын мүлде жоғалтады. Емдеуге ұзақ уақыт керек. 3 дәрежелі күйіктер терінің жануымен сипатталады. Олардың орнында гипертрофиялық және келоидты тыртықтар пайда болады.

Күйіктің 4 дәрежесі – терінің ғана емес, тері асты тінін де зақымдап, тереңдейді. Өлі тіндер, әсіресе сіңір, сүйек, буындар зақымданғанда баяу басылады. Жиі іріңді асқынулар болады. Тіпті сәтті операциялық емдеу жағдайында де гипертрофиялық және келоидты тыртықтар, контрактуралар және басқа да деформациялар қалады.

Зардап шегушіні міндетті түрде емдеу мекемесіне жеткізу керек. Химиялық күйіктер – химиялық факторлардың әсерінен ағза тіндерінің зақымдануы; қышқылдар, сілтілер, мұнай өнімдері негізінде, фосфор, термитті қоспалар негізінде тұтандырғыш қоспалар. Көбінесе химиялық күйіктер теріге органикалық қышқылдардың (азот, күкірт, хлорлы сутегі), негіздердің (күйдіргіш калий, күйдіргіш натрий, сөндірілмеген әк, каустикалық сода), кейбір ауыр металдардың тұздарының (күміс нитраты, мырыш хлориді), фосфордың және басқа да химиялық белсенді заттардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Өндірісте дененің ашық жерлері жиі зақымданады. Тұрмыста қышқылдарды немесе негіздерді кездейсоқ ішке қабылдағанда ауыз қуысы, өңеш және асқазан күйігі пайда болады.

Ас қорыту жолдарының күйік жағдайында ауыздың айналасында жиі қызыл түсті ағындар пайда болады. Зардап шегушінің құсуы мүмкін, ал құсу кезінде ауыз жұтқыншақ пен өңештің қайта күйігі пайда болады.

Химиялық күйіктер кезіндегі алғашқы көмек қалай көрсетіледі? Дененің зақымданған жерлерін 10-15 минут бойы ағынды сумен жуу керек. Су ағысы күшті болмауы керек, себебі шайылатын химиялық затпен су дененің басқа бөліктеріне түсіп, тіндердің күйуіне әкелуі мүмкін. Сумен ағынды шаю сумен химиялық зат жағымсыз реакция берген жағдайда ғана орынсыз болуы мүмкін. Жуғаннан кейін қалған жарадағы химиялық заттарды бейтараптандыру қажет. Күйік жарасында қышқылдарды бейтараптандыру үшін 2-3% натрий гидрокарбонатының ерітіндісі қолданылады (ас содасының бір шай қасық 200 мл суға ериді), ол болмаған жағдайда шаруашылық сабынын пайдалануға болады.

Динара РЫСБАЕВА,
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы
Шымкент қаласы бойынша филиалының фельдшері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АИТВ-сіз ӨМІР СҮР Ерлік ұмытылмайды »