ВАКЦИНА ОТБАСЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАЙДЫ

Пятница, 26 Август 2022 06:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 872 раз

Коронавирус инфекциясы ауа тамшылары арқылы жұғатын аурулардың түріне жатады. Әлемде 2019 жылдың желтоқсан айында коронавирус инфекциясының жаңа түрі туралы ақпарат пайда болып, алғашқы оқиға Қытайдың Хубэй провинциясында тіркелді. Одан кейін вирус жер шарының барлық дерлік елдеріне тарап, COVID-19 атауын алды.

 

Коронавирус жылдам тарап, пандемияға ұласты. Оның эпидемиядан басты айырмашылығы – әдеттегі аймақтық аурудан бірнеше есе үлкен ауқымда тарайтынында.
Бүгінге дейiн пациентердi тестілеу мен тексеруді жүргізіп, қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтап, азаматтарды оқшаулап, коронавирус инфекциясымен күресу жолында көптеген іс-шара атқарылуда. Мемлекет тарпынан бақылау жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. COVID-19 үшінші жыл қатарынан әлемді әбігерге ұшыратып, күресу жұмыстары тоқтаған жоқ. Коронавирус вакцина мен препараттарға жеңілмей, мутацияға ұшырап жатыр. 2020 жылы «Альфа», «Бета», «Гамма» штамдары, 2021 жылы «Дельта», Дельта+, сосын «Омикрон» штаммы мутациялады. Жаңа штамм тез жұғуымен ерекшеленді. Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, ашып ауруы, мұрынның бітуі, бас ауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады. Дене кызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін.
COVID-19 вирусы екі түрлі жолмен таралады:
– Жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы;
– Тұрмыстық заттар арқылы.
Қандай алдын алу шараларын қолдану керек?
КВИ жұқтыру ықтималдығы өте жоғары: орташа есеппен науқас бір адам тағы үш-төрт адамға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан коронавирустың таралуын болдырмау үшін белгіленген барлық шараларды сақтау өте маңызды. Олардың ең маңыздысы – гигиена, әсіресе қол гигиенасы.
Жаңа коронавирустың заттарда қанша уақыт сақталатыны әлі белгісіз. Мүмкін, бірнеше сағат бойы. Бірақ, зерттеулерге сәйкес, кейбір жағдайларда бұл көрсеткіш 3 тәулікке дейін жетеді. Сондықтан, объектілерді дезинфекциялау құралдарымен үнемі өңдеуді ұсынамыз. Және физикалық қашықтықты сақтауды ұмытпаңыз!
Коронавирустың алдын алу жолдары:
– вакцинация;
– санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, оның ішінде:
– басқа адамдармен қауіпсіз қашықтықты сақтау, ауыз және мұрнды жабатын тығыз бетперде кию, бөлмелерді мұқият желдету, қолды үнемі жуу, жөтелгенде және түшкіргенде ауыз және мұрынды жабу.
Вакцинациядан кейін ковидке шалдыққан болсаңыз, вакцина алмағандарға қарағанда симптомдардың жеңіл болуы немесе болмауы ықтимал.
Миллиардтаған адам COVID-19-ға қарсы вакцина алды. Вакцина – өзіңізді коронавирустан қорғаудың, пандемияны тоқтатуға және жаңа штаммдардың пайда болуын тоқтатуға көмектесетін маңызды әдістердің бірі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар тізіліміндегі COVID-19 вакциналары 12 және одан жоғары жастағы адамдар, соның ішінде аутоиммундық бұзылуларды қоса, әртүрлі жағдайлардан зардап шегетін адамдар үшін қауіпсіз. Бұл ауруларға сонымен қатар: гипертония, қант диабеті, демікпе, тыныс алу жүйесінің, бауыр мен бүйрек аурулары, сондай-ақ тұрақты және бақыланатын курс сатысындағы созылмалы инфекциялар жатады.
Егер сіз жүкті болсаңыз, болашақта жүкті болғыңыз келсе немесе қазір бала емізетін болсаңыз, вакцина сізді және сіздің қазіргі немесе болашақ отбасыңызды қорғау үшін маңызды. Бүгінде дүние жүзіндегі көптеген әйел жүкті немесе бала емізу кезінде COVID-19-ға қарсы егілді және жүкті әйелдер мен олардың сәбилеріне вакцинация қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық анықталған жоқ. Шын мәнінде вакцина жүктілік кезінде және бала емізу уақытында сіздің нәрестеңізді қорғауға көмектеседі.

С.ПЕРНЕБЕКОВ,
Шымкент қалалық №3 аурухананың бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АЗАТ ЕЛДІҢ АЙБАРЫ Хабарландыру »