«Кәмелетке толмағандардың құқығы қорғалуда»

Среда, 07 Сентябрь 2022 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 907 раз

Еңбекші ауданы прокуратурасымен балалардың құқықтарын қорғау бағытында Шымкент қаласы Білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-де (бұдан әрі- Орталық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының сақталуына тексеру жүргізілді.

 

Санитариялық эпидемиологиялық бақылау саласындағы мамандарды қатыстыра отырып, Орталықтағы тамақ өнімдеріне жүргізілген микробиологиялық зерттеу нәтижесінде өсімдік майымен араластырылған қызылша және капуста салатынан ішек таяқшалары тобындағы бактериялар табылғандығы анықталды.

Демек, Орталықтың аспазшыларымен балаларға ас дайындау кезінде Денсаулық сақтау министрінің 17.02.2022 жылғы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» Қағидаларының сақталмауынан кәмелетке толмағандар арасында асқазанның бұзылу ауруына шалдығу мүмкіндігі болған.

Осыған орай, аудан прокуратурасымен Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына заңдылықты бұзушылықты жоюға тиісті шаралар қолдану туралы ұсыну енгізілді.

Нәтижесінде Орталықтың 2 қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөілігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.

Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Орталық қызметкерлерінің арасында санитариялық қағидаларының талаптары бойынша семинар өткізілді.

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.