«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Среда, 20 Июль 2022 16:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1696 раз

2022 жылдың ІІІ-тоқсанында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген.

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і директорының 20.04.2022 жылғы №№№№ 08-ө, 09-ө, 10-ө бұйрықтарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды және 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.

Жұмыс тобының кестесіне сәйкес келесі құрылымдық бөлімшелер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің редакциясы, «Жарнама және маркетинг» бөлімі, «Есеп-қисап және шаруашылық» бөлімі, «Кадр және ұйымдастыру» бөлімі, «Ақпараттық талдау» бөлімі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің нұсқамалары ережелері зерттелді.

«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің редакциясы регламентін зерттеу барысында редакцияның қызметін қозғайтын 16 атқарымға және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, кезекті нөмірге материалдарды әзірлеу және рәсімдеу бойынша) талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Сонымен қатар, редакцияның тікелей жұмысымен байланысты көркемдік кеңесі туралы ережесіне зерттеу және талдау жасалынды. Ережеге сәйкес, авторлық шығармаларды, материалдарды жасау және қалам ақы төлеу бойынша қызмет көрсету үшін әлеуетті орындаушыларды іріктеу, бірігіп өнімді жасау көркемдік кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады. Көркемдік кеңестің құрамы Бас редактормен бекітіледі. Бұл ретте, барлық материалдар Сараптау тобының қатысуымен мұқият кезең-кезеңмен іріктеуден өтеді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларға жол берілмейді.

Редакцияның ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген:

1. персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы; 2022 жылғы 01 шілдеге штат саны 50 бірлікті құрды. Есеп беру мерзімінде тұрақсыздық – 1 бірлікті құрды (1 – еңбек шарттар қызметкердің бастамасы бойынша бұзылды).

2. мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;

3. редакция мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді;

4. редакцияда рұқсат етілетін атқарымдар жоқ;

5. редакцияда бақылау атқарымдары жоқ.

Редакция қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан телеарна атына жүгінулер түскен жоқ.

Редакция қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ. Редакция қызметкерлерімен іскерлік этика және журналистер этикасының кодексі сақталуда.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2017 жылғы 16 наурыздағы №95 бұйрығымен «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді бекіту туралы» бұйрықтар шығарылған болатын.

Көрсетілген бұйрықтармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау бойынша Серіктестікте жұмыс тобы құрылды, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізудің кестесі бекітілді, Серіктестік қызметкерлерінің өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру барысында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары бекітілді, олар газеттердің ресми интернет-ресурсында орналастырылды. Серіктестік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға арналған акцияларға және науқандарға қатысу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Серіктестік құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз материалдарға реакциянның мониторингін жүзеге асыру, ақпараттарды сайтта уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың айдарларын жаңарту ұсынылады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс топ «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің анықталмағаны туралы қорытындыға келді.

Директор  Н.Оримбаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.