Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы Абай ауданы әкімдігі қызметкерлерімен «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. Жиында «Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс шарасының нәтижесі сөз болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері аясында өз ойларын ортаға салды. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап іздеп, пікір алмасты. Жиын қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері бюджет және қаржы саласына қатысты қолданыстағы заңдылықтарды дұрыс басшылыққа алу қажет екенін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізды. Алдағы уақытта қаржылық заң бұзушылықтарға жол бермеу және оның алдын алу жөнінде берген ұсыныстар дөнгелек үстелге қатысушылар тарапынан қолдау тапты.