Сақтандыру жүйесінің көмегі көп

Среда, 06 Март 2024 11:18 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 793 раз

Елімізде 2020 жылдан Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Ондағы басты мақсат – мемлекетімізде әр азаматқа медициналық көмекті қолжетімді ету, атап айтқанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шенберіне кірмейтін қымбат медициналық көмек, жоғары технологиялық оталарды тегін алу мүмкіндігін беру.

Шымкент қалалық №4 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Д.Карабалинаның дерегінше, осы мекемеде жыл басынан бері   МӘМС пакеті бойынша 250 науқасқа, ТМКК-нің жаңа моделі бойынша 40 науқасқа ота жасалып, сәтті өткен.

Шымкент қаласының тұрғыны М.А. өткен жылы күз айларында тұрмысқа шығып, бала көтеруді жоспарлаған. Бірақ соңғы екі айда асқа тәбеті болмай, өзін әлсіз сезіне бастаған. УЗИ нәтижесі бойынша, түрлі талдаулар мен тексерулер барысында №4 емхана дәрігерлері пациенттің бауырында эхинокок құрты пайда болғанын анықтады. Емхана қызметкерлері оған қысқа мерзімде барлық қажетті талдауларды, құжаттарды жинауға, порталға тұруға көмектесті. Дәрігерлердің жедел шаралар қабылдауының нәтижесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында пациентке ота жасалып, сәтті өтті.  

– Диагнозымды алғаш естігенде есеңгіреп қалдым. Дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында қиындықтарды жеңе алдым. Шымкент қалалық №4 емхана дәрігерлеріне алғысым шексіз, – дейді пациентіміз.

Оған МӘМС шеңберінде емдеу тегін жүргізілді. Қазір пациент өзін жақсы сезінді. Отадан кейін жүргізілген талдаулар оң нәтиже көрсетті. Үш айдан кейін сақтық үшін УДЗ жүргізіледі. Пациентіміздің ағзасы толығымен қалпына келтірілсе, оның перзент сүюге мүмкіндігі бар.

МӘМС бойынша сақтандырылған тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетіледі.

К.ИБРАИМОВА,
Шымкент қалалық № 4 емхананың эпидемиолог- дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.