Версия для печати

Заң бұзғандарға ескерту берілді

Пятница, 08 Апрель 2016 04:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6151 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, атауы талапқа сай жазылмаған қызмет көрсету орталықтарында кең көлемді түсіндірме шаралары жүргізілуде. Осы орайда, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері ауданға қарасты бірқатар нысанда рейдтік шара ұйымдастырды. Шараға қалалық сәулет және қала құрылысы, мәдениет бөлімінің мамандары мен құқық қорғау қызметкерлері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0297-350x232Арнайы құрылған жұмыс тобы ең алдымен, қаланың кіре беріс қақпасы саналатын «Шымкент» теміржол вокзалында болып, ондағы қызмет көрсету орындарының иелеріне тиісті ескертулер жасады. Мәселен, вокзал ғимаратының маңдайшасында жазылған «Шымкент» сөзінің «Ш» әріпі түсіп қалған. Бұл жөнінде вокзал басшылығына ескерту берілді.
– Шараның мақсаты – қаладағы сауда орындары мен қызмет көрсету орталықтары атауларының дұрыс жазылуын бақылау. Кәсіпкерлерді тіл заңдылығын сақтауға шақыру. Маңдайша жазулары тілдік нормаға сай келмейтін дүкен, сән салондары, кафе, мейрамханалар басшыларына мерзімдік хат беріп, ескерту жасалуда. Мәселен, «Шымкент» теміржол вокзалындағы жарнама тақтайшаларының көпшілік атауы тек қана ағылшын және орыс тілінде ілінген. Бұл еліміздің Тіл туралы заңына қайшы. Мамандар осы ретте кәсіп иелеріне тіл заңдылықтарын түсіндіріп, 15 күн ішінде айтылған ескертуден нәтиже шығаруын талап етті, – деді аудан әкімдігінің мәдени-ағарту бөлімінің жетекшісі Жәнібек Оспанов.
Мұндай түсіндірме шаралары алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.