Абай ауданы прокуратурасы көші-қон заңнамасының дұрыс қолдануы бойынша заң түсіндірмесін түсіндіреді !!!

Пятница, 23 Декабрь 2016 11:11 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3638 раз

Абай ауданының прокуратурасымен ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында аудан аумағында шетел азатматтарын заңсыз жұмысқа тартқан бірнеше деректері анықталып, соның салдарынан 30 астам Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберіліп, оларға жұмыс берген кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрінің 08.02.2014 жылғы №76 қаулысымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу.
Қағидасына сай, еңбекші көшіп келушінің рұқсаты негізінде жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілер еңбекші көшіп келушілер болып табылады.
Еңбекші көшіп келушінің рұқсаты ол берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбекші көшіп келушінің жұмыс беруші - жеке тұлғада үй шаруашылығында үй жұмыскерлері жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) құқығын береді деп көрсетілен.
Яғни, Қазақстан Республикасының азаматтары шетел азаматтарын текқана үй шаруашылығының жұмыстарына тарта алады(жеке үй, қора салу).

Ал, жұмыс берушінің пайда алуы және (немесе) жұмыс беруші үшін пайда алу мақсатында шетел азаматтарын жұмысқа тартуға тыйым салынады, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы.
Жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Абай ауданы прокуратурасының прокуроры  Тоқсанбаев Е.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.