ЕЛБАСЫНЫҢ ҮНДЕУІНЕН ТУЫНДАҒАН ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Пятница, 17 Февраль 2017 10:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3200 раз

Біз Тәуелсіз Қазақстанның да­муының жаңа белесі басталған маңызды кезеңде тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз.

Н. Назарбаев

Елбасымыз Қазақстандықтардың назарына заман талабына сай маңызды мәселені ұсынды. Бұл тікелей, мемлекеттің және ұрпақтың болашағы үшін жасалған қадам.

Біз нақты саяси реформалардың қарсаңында тұрмыз. Елбасының көрегенділігімен Тәуелсіздігіміздің 25 жылында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

Қазіргі таңда халықтың саяси белсенділігі артты. Азаматтардың қоғамдық өмірдің барлық саласына араласуы заңдылық сипатқа ие болды. Бұл құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнауының негізгі белгісі. Реформалар халықтың тілегімен ұштасады.

Елбасымыздың қойған мақсаты – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу болып табылады. Мемлекеттік қызметші ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін халықтың қолдайтынына сенім білдіремін.

Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асырылады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріледі. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Екіншіден, одан да күрделі міндет - билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету.

Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейтіледі. Алда тұрған міндеттер үлкен. Оны мүлтіксіз орындау – бізге парыз. Бұл үшін адамдар мен азаматтардың құқықтары және бостандықтарын сақтай отырып, Президент тапсырмасын халық арасында кеңінен талқылап, оны жүзеге асыруда батыл қадамдар жасап, заңның салтанат құруына ұйытқы болуымыз керек деп есептеймін. Осындай жауапты кезеңде барлық мемлекеттік қызметкерлер ел мүддесі үшін Елбасының конституциялық реформасын халыққа түсіндіруге үлес қосуы тиіс.


М.Н. ИСАБЕКОВ,

ОҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары,

Қазақстан «Заңгерлер одағы» ҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.