ҮНДЕУ

Четверг, 09 Март 2017 09:38 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4609 раз

Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 25-2  бабын басшылыққа ала отырып, келесідей үндеу жасаймын.
Аң аулау – елеміздегі жануарлар дүниесін пайдаланудың бір түрі болып саналады және көне кәсіп ретінде танылады. Ертеде адам қоректеніп, аман қалу үшін аң ауласа, қазіргі кезде адам эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аң аулайды, яғни өзгеше әуес болып табылады.
Соңғы 5 жылда өңіріміздегі аңшылардың саны 20 % өсіп, 7 мыңнан астам адамды құраған.  
Кез келген саладағы қызмет сияқты, аң аулауда тиісті ережелермен реттеледі және аталған ережеде аңдардың түрі, аң аулау тәсілі мен аңның әр түріне аң аулау мерзімі белгіленген.
Аталған ереже Ауыл шаруашылық министірінің м.а. 2015 жылдың 27 ақпанындағы бұйрығымен бекітіліп, ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарынды жарық қөрген.
Мысалы, аңшыда келесідей құжаттар болуы қажет: аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат,  аңшылық шаруашалық субъектісінің жолдамасы. Ал, аң аулау қару қолдану арқылы жүргізілсе, азаматтық қаруды, оның оқ дәрілерін сақтауға және алып жүргуге рұқсат та қажет. Аң аулау тек ережеде көрсетілген мерзімде және онда көрсетілген аңдарға ғана жүргізіледі.
Өкінішке орай, кейбір аңшылармен аң аулау ережесі талаптарының  сақталмауы да кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын уәкілетті мемлекеттік органдармен 100-ге жуық тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылса, 2-3 тұлға қызыл кітапқа енгізілген аңға аңшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктерге тартылуда.   
Аталған ереженің талаптары сақталмаған жағдайда жеке тұлғаларға  салынатын әкімшілік айыппұлдың көлемі 160 мың теңгені құрайды. Ал, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда  7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Аңшылықтың адамгершілік жағы да болуы керек, бейбірекет аңшылық жасаудың салдарынан көптеген аңдардың түрлерін жоғалтып алуымыз мүмкін. Мысалы, қазіргі таңда браконьерлердің аңшылық нысанына айналған, тек біздің өңірде кездесетін Қаратау архарының саны небәрі 370 басты құрайды.
Облыс тұрғындарының назарын, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аң аулау мерзімі ақпан  айының 15 тоқтатылатындығына аударғым келеді. Бұл мерзімге дейін тек ондатраға, қарсаққа, түлкіге, бұлғынға, құнуға, сарғыш күзенге, ақкіске және қоянға ғана аңшылық жасауға болады.
Ал, 16 ақпаннан бастап, 14 маусымға дейін аң аулауға толықтай тыйым салынады. Яғни, көктемгі аңшылық болмайды.
Бұндай тыйым салу орман шаурашылығы және жануарлар дүниесі Комитетімен өткен жылдың қараша айында қабылданған №265 санды бұйрығына сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту мақсатында қойылған.   
Бұдан бөлек, аталған бұйрықпен аң аулауға рұқсат берілген мерзімде кәсіпшілік аңшылықты қоспағанда, құстар мен терісі бағалы аңдардың әр түріне тәуліктік алып қою мөлшеріне де шектеу қойылған.
Құрметті облыс тұрғындары! Сіздерді аталған талаптар мен шектеулерді сақтауға шақырамын. Бұл шектеулердің қойылуна мемлекет тарапынан жануарлар дүниесін қорғау бағытында жүргізілген терең талдаулар себеп болған. Келер ұрпақ тек суреттерден ғана емес өз көзімен көру үшін жануарлар дүниесін сақтап қалып, көбейуін қолға алуымыз қажет.



Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры
Д. Оразбаев

     

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.