Туберкулездің алдын алу

Вторник, 07 Март 2017 03:48 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4338 раз

Туберкулезді және ТБ КДТ түрін уақытылы және дұрыс емдеу нәтижесінде, туберкулезді алғаш анықталғандардың арасында өлім көрсеткіші 2005 жылы 9% болса 2009 жылы 5,3% азайып отыр.
Туберкулезді бақылау Бағдараламасының бір бөлігі санитарлы – ағарту жұмыстары болып табылады. Сондай ақ тұрғындар арсында туберкулезді анықтауда, емдеуде, алдын алудың аса маңыздылығын түсінуде санитарлық мәдениеттілік пен білімділік әліде болса төмен деңгейде екендігін мойындау керек.
Сондықтанда, туберкулез – инфекциялық ауру (жұқпалы), туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастар жөтелгенде, түшкіргенде, түкіргенде таралатындығын ескеру керек. Осыған сәйкес бактерия бөлуші науқаспен қатынас жиі болған сайын оның айналасындағыларға да сондай жиілікте туберкулез таяқшалары өкпе тыныс жолдары арқылы енетінін әрдайым есте ұстағаныңыз жөн.
Туберкулез микобактериясын жұқтыру үшін аз мөлшердегі микобактериялар да жеткілікті. Әр бір ем қабылдамайтын бактерия бөлуші жылына 10 – 15 адамға науқасын жұқтырады. Бірақ микобактерияны жұқтырған адамдардың барлығы туберкулезбен ауыра бермейді. Тен қана микобактерияны жұқтырғандардың 5 – 10 % ғана туберкулездің белсенді және жұқпалы түрі дамиды. Көпшілік жағдайда иммундық жүйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбейуіне жол бермейді. Егер адамның иммундық жүйесі әлсіреген сайын оның ТБ ауруына шалдығу мүмкіндігі де жоғарлайды.
Көп жағдайда ТБ өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. ТБ дененің басқа да мүшелерін зақымдай алады, ми, сүйек, буындар, бүйрек және лимфа түйіндер. Бұндай түрлер өкпеден тыс ТБ деп аталынады.
Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілер болады. Туберкулез бірте – бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда кейбір белгілер тіпті апталап немес айлап болуы мүмкін.

Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі – үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен (немесе бірнешеуімен) қатар болуы мүмкін:

• дене салмағының төмендеуі;
• шаршағыштық;
• ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі;
• түнгі тершеңдік;
• кеуде ауырсынуы, шаншуы;
• алқыну;
• тәбеттің болмауы;
• қан түкіру.
 
Осы белгілер пайда болған әр бір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс. Алғашқы медициналық – санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюрографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана абсолютты диагноздың қойылуына себеп бола алады. Қақырық жағымынын микроскопиялық зерттеу – шұғыл, қарапайым және арзан әдіс, аталған әдісті жалпы емдеу мекемелерінің зертханаларында қолданады.

Сондай ақ туберкулезді ерте анықтау мақсатында алғашқы медициналық – санитарлық көмек жүйесінде «қауіп – қатер» тобы құрылады, аталғандар жылда тегін негізде флюрографиялық тексерулерден өткізіледі:

• перзентханалардың, балалар ауруханалары, нәрестелер патологиясы мен шала туылғандар бөлімшесінің жұмыскерлері;
•туберкулезге қарсы мекемелердің жұмыскерлері;
•әскери қызметке шақыртылғандар;
•жоғарғы оқу орындарының, арнайы оқу орындары мен училищелерінің студенттері;
•15-17 жастағы жасөспірімдер;
•Перзентханадан шыққан әйелдер бір ай көлемінде;
•өкпе, қант диабетінен, АИВ\ЖИТС – пен, алкоголизм және нашақорлықпен диспансерлік есебте тұратын науқастар;
•кортикостероидтты терапия қабылдайтын адамдар;
•өкпесінде кез келген этиологиялық қалдықты өзгерістері бар адамдар;
•туберкулез науқастарымен қатынаста болғандар;
•мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыскерлері;
•емдеу – алдын алу мекемелерінің қызметкерлері;
•жалпы білім беру және арнайы мектептердің жұмыскерлері;
•тергеудегі және сотталғандар (жылына екі рет);
•қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметкерлері мен әскери қызметкерлер ;
•Қазақстан Республикасына тұрғылықты өмір сүруге келген адамдар;
 

Жұмыс берушілердің есебінен ақылы негізде тесерілуге міндетті:

•Тамақ өнеркәсібінің қоғамдық тамақ, азық – түлік саудасы саласының қызметкерлері;
•тұрғындарға қызмет көрсету аясының жұмыскерлері;
•барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдаушылар;
•жоғарғы және орта оқу орындарының жұмыскерлері;
•дәрілерді даярлаумен және орап, таратыуымен айналысатын дәріхана жұмыскерлері;
•Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келген және еңбек миграциясымен келген адамдар

Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әр бір адамның жұқтыру қаупі бар, өйткені ауа барлығына бірдей. Көбіне туберкулезге шалдығудың үлкен қатері туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастармен балалардың қатынаста болуы. Сондықтанда туберкулезбен күресте алдын алу өте пайдалы. Олар спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді. Спецификалыққа химиятерапевтік емдеу мен вакцинация жатады. БЦЖ егуі балаларды туберкулезден қорғайды, егер қарсы көрсетілім болмаса перзентханаларда барлық нәрестелерге жасалынады, қарсы көрстелім болған жағдайда 1 жасқа келгенше жасалынуы керек. Сондай ақ балалардың екінші 6 – 7 жас аралығындағы қайта егуі. Қазақстанда балаларды туберкулезге қарсы егу 100% – ды құрайды.
Спецификалық алдын алу шараларына химиятерапиялық алдын ала емдеу жатады, яғни науқастармен қатынаста болған жұқтырылған балалар арасында алдын алу шаралары. Жұқтыруды болдырмаудың бірден – бір шаралары қатынаста болғандарды уақытылы тексеріп, балаларды жұқпалы ошақтардан бөлектеу, сондай ақ туберкулездің таралуын тек туберкулез науқасының уақытылы емделуімен тоқтатуға болады.
Балаларды туберкулез ошақтарынан бөлектеу үшін барлық облыстарда балалар-бақшасы, мектеп – интернаттар және балаларға арналған шипа – жайлар қарастырылған.
Еліміздің тұрғындарына туберкулезге қарсы көмекті арнайы көп салалы, қымбат медициналық құрылғылармен, заманауи рентгенаппаратуралармен, жылжымалы флюрографиялық қондырғылармен жабдықталған мекемелер қызмет көрсетеді.


№6 Шымкент қалалық емханасының
рентгенолог дәрігерлері : А.Қалдыбаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.