Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақанықтама алуға болады

Понедельник, 24 Апрель 2017 11:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3311 раз

Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен алуларына болады.

tson-esp

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалық порталдан қызметтерді алуды едәуір жеңілдететін болады. «Қазақстандықтардың барлығында ЭЦҚ бола бермейді, ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзімен бірге алып жүрмейді, сондай-ақ бір анықтама алу үшін ХҚКО-ға бару барлығына бірдей қолайлы емес. Мұндай жағдайларда, қызметті бір реттік парольдің көмегімен алу- жағдайдан шығудың тамашы бір жолы болып табылады. Бір реттік парольді ЖСН-ді телефон нөміріне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады.Осылайша, жақында ЭЦҚ-ғабайланыстырмай-ақ өзге демемлекеттік қызметтерді алуға болады»,- дедіА.Оспанов.

Айтпақшы, бір реттік парольді алу үшін азаматтарэлектрондық үкімет порталында m-gov телефон нөмірлері базасына тіркеле алады.

Осы жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, пилоттық режимде іске асырылды. Қазіргі кезде басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін алу процестерін жеңілдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Последнее изменение Понедельник, 24 Апрель 2017 11:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.