Жолдау – жаһандық дамудың жолы

Пятница, 28 Апрель 2017 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4900 раз

Президент Жолдауы Қазақстан халқының және билігінің алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралар. Олар қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы міндетті. Ғылыми негізделген, осындай нақты міндеттерді шешу жоспарлары бар мемлекеттер ғана ойдағыдай дамуға қол жеткізеді. Оны әлемдік тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді. Қазақстан осындай мемлекет. Елбасының көрегендігі арқасында аз уақытта толағай табыстарға жетіп келеміз.

         Биылғы жолдау 31 қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағытында арналып елге жолданды. Жолдауда айтылған жоспарларды билік тармақтарының заң шығарушы парламент депутаттары өз сайлаушылары арасында түсіндірме жұмыстарын сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті министрліктің құрылымдық бөлімдері оның ішінде әділет департаменті де түсіндірме жұмыстарының жоспарын бекітіп түсіндірме жұмыстарын бастап кетті.

         Жолдауда бүгінгі Қазақстанға үшінші жаңғыру жөнінде міндеттер қойылып отыр. Бірінші және екінші жаңғыру дәуірінде еліміз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын қалыптастырып, елдің нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.Осы тұста екінші жаңғыру белестерінде еліміз 50 бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кірді.

         Үшінші жаңғыру белесінде еліміз «Қазақстан - 2050» стратегиясына бастайтын «100 нақты қадам» ұлт жоспары базасында өткізіледі. Еліміздің енді 30 озық елдің қатарына кіруге бастайтын бес негізгі басымдық ұсынылып отыр.

Үкіметке берілген нақты тапсырмалар Президент Жолдауының қолданбалық сипатын, ел алдындағы өзекжарды мәселелерді шешуге бағытталған жаңа экономикалық саясатты өмірге енгізгендігін дәлелдейді.

         Жолдауды Қазақстан халқына қызмет ететін, оның әлемдік мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін күшейтетін тарихи маңызы бар құжат деп бағалаймыз. Себебі, Президенттің Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар, дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды. Жолдау бүткіл Қазақстан қоғамын жаңартуды қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясатқа негіз болады.

Жолдауда айтылғандай «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс».

Баршамыз жолдауда айтылған бағыт – бағдарларды өз саламыз бойынша орындалуына тиісті жұмыстар атқарып, тиісті деңгейде насихаттап тәуелсіз еліміздің жаңа технологиялық жаңғыруында өз үлесімізді қоса білейік.


                                                                                                                                             М.ИСАБЕКОВ,
ОҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары,
«Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.