Әділет органдарына қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы

Среда, 18 Апрель 2018 09:49 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 251 раз

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 127-VI Заңымен Қазақстан Республикасы кодексіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. (бұдан әрі - Кодекс) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу» 460-бабына өзгертулер енгізілді. Соның ішінде өзіміздің әділет органдарына қатысты біршама өзгертулер мен толықтырулар орын алды.

Атап айтсақ, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған дейін  Кодекс бабының нормасы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастырса, қазір аталған заңмен бастапқы бұзушылық кезінде «ескерту» түріндегі жаза қарастырылған. Жаңа редакцияда Кодекстің 460-бабы былай көрсетілген: Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы – ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Келтірілген статистикадан байқалғандай, айтарлықтай болмаса да өткен жылы қозғалған істер мен айыппұл түрінде ақша салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың өскені көрінеді. «Ескерту» түріндегі Кодекске өзгерістерді қабылдау дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Меншік құқығы» рейтингісінде Қазақстанның позициясын көтеру үшін Әділет министрлігінің шараларының бірі болып табылады.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
әділет басқармасының бас маманы
Маматаева Майра Ауесбековна
«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.