Әкімшілік реттеудегі заңнаманың тиімділігі

Четверг, 16 Август 2018 05:10 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2574 раз

Қазақстан Республикасының әділет органдары дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың негізгі 4 индикаторы бойынша жұмыстар жасауда. «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары көрсеткішін жақсарту бойынша іс-шараларды Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әділет басқармасы жоспарлы түрде ұйымдастырып келеді. Соның ішінде «Әкімшілік реттеудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы да бар.

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы кодекс бойынша жауапқа тартылды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 6-бабында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу көрсетілген. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.

Сонымен қатар ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi. Аталған заңның 12-бабына сәйкес, өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау тәртібі қарастырылған, яғни лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

 

Жанна Мырзақұлова,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
әділет басқармасының мұрағатшысы,
«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-ң
ОҚО филиалының мүшесі

 

Последнее изменение Четверг, 16 Август 2018 05:19
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.