Бейне-бақылау камералары – полиция көмекшісі! Избранное

Среда, 05 Сентябрь 2018 04:43 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6224 раз

Шымкент қаласының аумағындағы бейне-бақылау камералары полицейлерге қоғамдық тәртіпті сақтауда септігін тигізуде. Жыл басынан бергі 7 айда осы камералардың көмегімен 145-тен астам қылмыстық іс ашылды.

ЦОУ 1

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қалалық ішкі істер департаментіне қарасты жедел басқару орталығында қоғамдық орындар мен халық көп жиналатын көшелерге орнатылған 479 бейнекамера қызмет атқарады. Камера орнатылған жерде оқыс оқиға бола қалса, полиция бекетіндегі инспекторлар сол маңдағы сыртқы бейне-бақылау камераларын айналдырып, мән-жайды бақылай алады. Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық орын алса тез арада жедел басқару орталығының қызметкерлері қылмысқа күдікті немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны, автокөлікті анықтап, оны ұстау үшін жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің автокөліктегі экипаж құрамын жолдайды. Бұдан кейін ұсталған азамат аудан бойынша полиция бөліміне жеткізіліп, тексеру әрекеттері жүргізіледі.
Жеті айда осы бейне камералардың көмегімен ашылған 145 қылмыстың ішінде 82 ұрлық, 5 автокөлік ұрлығы, 17 тонау, 8 бұзақылық және 4 заңсыз қару сақтау жайттары бар. Бұған қоса дәл осы камералар арқылы 30 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның 18 мыңы жол жүру ережесін бұзуға қатысты. Ұсақ бұзақылық үшін 2336 азамат әкімшілік жауапқа тартылса, қоғамдық орындағы тәртіпсіздігі үшін 1278 және қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені үшін 18879 адам жауапқа тартылған.
Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында, қала көшелерінде қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан «нөлдік төзбеушілік» бойынша да үнемі алдын алу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар Шымкенттегі 21 көше қиылысында орналастырылған «Интегра» интеллектуалды жүйесінің бейне камераларының маңызы өте зор. Бұл жүйе арқылы жол жүру ережесін бұзған автокөлікті анықталады. Бір ғана жалған мемлекеттік белгі тағып жүрген автокөліктерді анықтау іс-шарасының нәтижесінде әртүрлі сипаттағы 447 автокөлік анықталып, олардың иелеріне қатысты заңды шешімдер қабылданған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.