Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы "Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы"№ 206 бұйрығына енгізілген толықтыруларға сәйкес, төмендегі көрсетілген қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолданып қызметін жүзеге асырулары тиіс.
|
|
1. |
Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату |
2. |
Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату |
3. |
Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату |
4. |
Аудио және бейне техниканы бөлшек саудада сату |
5. |
Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату |
6. |
Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек- жарақтарды бөлшек саудада сату |
7. |
Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы |
8. |
Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
9. |
Кино фильмдер көрсету жөніндегі қызмет |
10. |
Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы |
11. |
Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату |
12. |
Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу |
13. |
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату |
14. |
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал- саймандарды бөлшек саудада сату |
15. |
Сусындарды көтерме саудада сату |
16. |
Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату |
17. |
Тоқыма бұйымдарын сату |
18. |
Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату |
19. |
Киімдерді сату |
20. |
Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
21. |
Сағат және зергерлік әшекейлерді сату |
22. |
Ломбард қызметі |
23. |
Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі |
24. |
Сыйақы үшін немесе келісім шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару |
25. |
Жарнама агенттіктерінің қызметі |
26. |
Құмар ойындар және бәстігуді ұйымдастыру қызметі |
27. |
Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі |
Ескерту: Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Еңбекші ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының
бас маманы
А.Жумашова