Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бағалаудың басты өлшемі

Среда, 19 Декабрь 2018 06:15 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1470 раз

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер - жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады.

Мемлекеттік қызметтер атап айтқанда, көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; мемлекеттік корпорация арқылы; «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі. Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Ал мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің мақсаттары:  

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету;       
  • көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ету;      
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан рі оңтайландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ету;  
  •  мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету;

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында барлық салад халыққа қызмет көрсетудің жаңа формасына көшуді тапсырды. Бұдан дейін де Мемлекет басшысы «ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті бас­қаруға жоғары талаптар қояды», - деген болатын. Бүгінгі таңда елімізде барлық салады қызмет көрсету цифрлы жүйеге көшуде. Елбасы «2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс. Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек» деп тапсырма да берді.

Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының ар-туына, сыбайлас жем­қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.

М. ТАНАТАРОВ,

Шымкент қаласы Әділет департаментінің

жылжымайтын мүлікке құқықтарды

тіркеу жұмысын ұйымдастыру

саласының инспекторы,

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.