«Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік құқықтырды тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Пятница, 26 Апрель 2019 04:43 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 788 раз

2018 жылғы 24 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданғанын хабарлайды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу функциясын әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру бойынша түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңның 18-1 бабында уәкілетті органның құзыреті тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді, жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         18-2-бап бойынша тіркеуші органның құзыреті құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптардың және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, уәкілетті органға қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты береді, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңның 9-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерді бұзу фактілерін анықтайды және уәкілетті органды бұл жөнінде мемлекеттік тіркеу жүргізілетін кезге дейін хабардар етеді, құқықтық кадастрға мәліметтерді енгізудің анықтығын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18-3-бап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады, мемлекеттік бақылау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші орган қызметінің:

          1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

          2) құқықтық кадастрды жүргізу;

        3) көрсетілетін қызметті алушылардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдерін бұзу фактілерін анықтау және уәкілетті органды бұл жөнінде хабардар ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады деп толықтырылды.

          Сонымен қатар, 7-1-бабы бойынша мемлекет жылжымайтын мүлікке қатысты тіркелген құқықтар мен шектеулер туралы берілген ақпараттың анықтығына кепілдік береді, тіркеу тәртібін бұзудан, тіркеу деректерін бұрыс енгізуден, ақпарат беруден, ақпарат мазмұнын бұрмалаудан келтірілген залалдар сот тәртібімен өтелуге жатады деп толықтырылды.

 

С.Н.Алимкулов

Шымкент қаласы Әділет

департаментінің тіркеу

қызметін ұйымдастыру

бөлімінің бас маманы

«Заңгерлер одағының мүшесі»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.