Бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Вторник, 27 Август 2019 04:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3248 раз

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айрысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бакылау бақылау-кассалық машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы 27.11.2018 жылғы №1029 бұйрығы бекітілген.

Аталған бұйрыққа сәйкес:

1) 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға тиіс - 27 қызмет түрлері;

2) 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданатын -323 қызмет түрлері;

3) 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолдануға тиіс -86 қызмет түрлері;

4) 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолдануға тиіс -224 қызмет түрлері бекітілген.

Салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 2-тармағымен ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-кассалық машиналарын (бұдан әрі – БКМ) қолдану міндетінен босатылған тұлғалар айқындалып көрсетілген.

Осыған қоса, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Мемлекеттік тізіліміне енгізілген кейбір онлайн-БКМ сатып алу құны қолжетімсіз болуына байланысты «NURKASSA», «REKASSA» , «WEBKASSA» , «LIG HT KASSA» мобильдік қосымшалар қарастырылғанын назарларыңызға жеткіземіз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.