Мемлекеттік қызметшілердің этикалық (әдептілік) нормаларының қалыптасуы

Пятница, 27 Ноябрь 2020 08:45 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 371 раз

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тараптынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің  моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне  жұмсайды,өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Қоғам адамдардың қауымбастығы болғаннан кейін мұнда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этиканы сақтайды.

Этика дегеніміз - тәртіп сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдардың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль  және адамгершілік туралы ілім  этика(әдеп) болып табылады. Сондықтан этикет этика ілімінің  негізінде қалыптасқан, яғни  адамгершілік құндылықтарды  сақтай отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау ережелері қалыптасты. Белгілі бір тәртіпсіз өмір сүру  мүмкін емес, себебі егер қоғамда белгілі бір этика сақталмайтын болса адамдардың арасында қатынас хаосқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы үлкендерге құрмет көрсету ,қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау,адамдардың қызығушылықтарын балағатпау  және т.б., Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі.Этиканы сақтау қызмет бабында сақтау  өте маңызды мәнге ие болып табылады.Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назарды аудартады. Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен  жұмыс істейтіндіктен  аса үлкен дайындықпен  қызмет атқару тиіс. Қызмет орнында өзін-өзін ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу–осылардың барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.         Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың  29 желтоқсандағы  № 153 «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік  әдеп қағидалары) бекітілген. Бұл Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің  қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдар  этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді. Әдеп кодексінің жаңа реакциясына сәйкес Әдеп жөнінде уәкіл енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда ммелекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарымен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды  жүзеге асырады.
Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің  адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет-халыққа қызмет »-деп Елбасы белгілеп берген  ұран аясында  елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз қажет.

 

 

Жеке сот орындаушыларының ұсыныстары

бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімінің

сот орындаушысы Г.Тайсалов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.